2020 жылғы 22 сәуірде Ақмола облысы бойынша ТЖД Уәлиханов 189 б көшесіндегі ТҚС қызмет көрсететін контейндердің жанғандығы туралы хабарлаған болатын. Өрт орнына жақын маңдағы автожанармай құю стансалары мен тұрғын үй құрылыстарының жану қаупі туындады.
«Қазгидромет» РМК Ақмола облысы бойынша филиалының қызметкерлері атмосфералық ауаның оксид және азот диоксиді, күкірт диоксиді, көміртегі оксиді, шаң, көмірсутектер мен аммиак сынамаларын жоспардан тыс өлшеу үшін өрт орнына шықты.
Жоспардан тыс өлшеу нәтижелері бойынша өрт болған аймақта екі нүктеде ШРК асып кетуі тіркелген, яғни олар көміртегі оксиді бойынша – 1,4 ШРК, күкірт диоксиді – 1,3 ШРК, аммиак – 1,5 ШРК.