2021 жылдың 23 тамызында Атырау қаласында ШРК-дан асып кету жағдайлары тіркелген жоқ

IconЖарияланды 23.08.2021

Естеріңізге сала кетсек бұған дейін, 2021 жылдың 1 тамызынан бастап "Қазгидромет" РМК Атырау облысы бойынша филиалы, Атырау қаласының өнеркәсіптік аймаққа жақын орналасқан аудандарындағы атмосфералық ауаның сапасын өлшеу үшін, жоспардан тыс экспедициялық шығуды жүзеге асыратыны жайлы хабарланған болатын.

Атмосфералық ауа сынамаларын іріктеу және талдау, "АМӨЗ" ЖШС өнеркәсіптік аймағының жағынан Перетаска аудандарында және Атырау-Доссор тас жолы (Теңдік кенті) ауданында жүргізілетін болады. РМ-2,5, РМ-10 қалқыма бөлшектерінің концентрациясы, күкірт диоксиді, көміртегі оксиді, азот диоксиді, күкіртсутегі, бензол, көмірсутектер өлшенеді.

Солайша, 2021 жылдың 23 тамызында атмосфералық ауа сынамаларын жоспардан тыс іріктеу және талдау нәтижелері бойынша ШРК-дан асып кету жағдайлары тіркелген жоқ.

Желдің жылдамдығы 7 м/с, желдің оңтүстік-шығыс бағыты.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз