Қостанай облысы бойынша филиалында жөндеу жұмыстары жүргізілді

IconЖарияланды 24.08.2021

Құрметті жазылушылар, естеріңізге сала кетсек, осыған дейін біз сіздерді "Қазгидромет" РМК-ның өңірлік филиалдарында жүргізіліп жатқан жаңарту мен жөндеу жұмыстары туралы жарияланымдар циклін бастайтындығымыз жөнінде хабардар еткен болатынбыз.

Осы жолғы сөз қозғалы отырған филиал — Қостанай облысы бойынша болмақ. Сонымен, бұл жерде қандай жұмыстар жасалды? Білу үшін ары қарай оқыңыз

Келесідей орындарда іргелі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Олар:
Сарыкөл МС ғимаратында (2019 ж)
Тобыл МС блок-модулінде (2020 ж)
Михайловка МС станцияларында (метеоалаң қоршаулары жартылай ауыстырылды, 2020 ж)
Торғай МС қызметтік ғимаратында

Сондай-ақ:
оңтайландыруға байланысты, Аралкөлдің бір метеостанциясын қысқартып, орнына автоматты метеостанция алмастырдық;
Екідің МС-дағы AMS 111 II АМС-ын бөлшектеп, Аралкөл МС-на көшірдік;
Рудный МС-да ақаулы Hydro Clip2 ылғалдылық датчигінің орнына, RHT 175 температура және салыстырмалы ылғалдылық датчигін орнаттық;
Екідің МС-нан Аралкөл МС-на спутниктік терминалды орнатып, интернет байланысын теңшедік.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта:
2020-2021 ж. қаңтарда ашылған 11 г/п реперін, мемлекеттік желінің реперлеріне байланыстыру;
ГР 21М на ГР 21М1 гидрометриялық вертушкаларын ауыстыру;
Қостанай қ. — Тобыл өз. жаңа гидрологиялық бекетін орнату (гидрологиялық бекет орналасқан жағалауды қайта жаңарту) секілді жұмыстар жалғастырылуда.

Мінеки, осындай үлкен іс тыңдырдық. Және бұнын барлығы өз күшімізбен, меншікті қаржы есебімізден жасалды. Ал келесі жолы, біз сізге Қызылорда облысы бойынша филиалымызда қандай жұмыстар жүргізгенімізді айтып береміз.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз