"Ақжайық" МТР бойынша бірінші күннің су сынамасын талдау

IconЖарияланды 23.04.2020

Бұған дейін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» РМК 2020 жылдың 21 сәуірінде өлі бекіре тұқымдас балықтарды анықтау фактісі бойынша «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының Приморск каналының су сынамасын жоспардан тыс іріктеуді жүргізгенін хабарлаған болатын.

2020 жылғы 21 сәуірдегі «Ақжайық МТР» РММ-нің тексеру актісіне сәйкес: «Приморский каналында таңғы сағат 7-ден 10-ға дейін теңіз бетінен Жайық өзеніне қарай өлі балық ағуы байқалған. Балықтың көбісі қайта тіріліп, судың терең қабатында жасырынған, ал өлген балық өлу себептерін анықтау үшін, ветеринарлық инспекцияға талдау жүргізуге жолданған».

2020 жылғы 17 сәуірдегі гидрологиялық деректер бойынша Жайық өзенінің арнасына теңізден судың айдауы байқалған, соның салдарынан болжам бойынша балық өзенге келген (су деңгейі 66 см-ге артқан (оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соққан).

«Казгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалының бірінші күнгі талдау деректері бойынша су температурасы 12-15 ºС шамасында болған, сутегі көрсеткіші – 7,2 7,5, ерітілген оттегі – 3,9-8,4 мг/дм3 (2019 жылдың қорытындысы бойынша Жайық өзеніндегі еріген оттегінің тән концентрациясы 5 мг/дм3-тан), оттегімен қанығуы 38,8-78,1%, мөлдірлігі – 18-20,5 см, түсі – 19,8-20,5 градус, иісі – 1 балл, табиғи суға тән емес иіс табылған жоқ.

Негізгі иондарды, биогенді, органикалық және бейорганикалық заттарды, ауыр металдарды талдау нәтижелері бойынша заттардың концентрациясы Су сапасының бірыңғай жіктемесі нормасының шегінде.

2020 жылғы 25 сәуірде оттегіні биохимиялық тұтыну нәтижелері ұсынылатын болады

 

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз