Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
2021 жылдың 26-27 тамызында Нұр-Сұлтан қ. "Қазгидромет" РМК "ISO 37001:2015 – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша менеджмент жүйесін енгізу және әзірлеу" халықаралық стандартына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау бойынша жұмыс жүргізді.
Нәтижесінде, екі күн ішінде "Қазгидромет" РМК ОА-ты мен филиалдарының (Қарағанды, Қызылорда, Атырау облысы) қызметкерлері, әлеуетті сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қалай тану, сондай-ақ бағалау керек екендігі туралы егжей-тегжейлі білді.
Пікір алмасу 2 форматта өтті: онлайн және офлайн. Талқылау барысында нақты кейстік міндеттер үлгісінде, біздің мамандар сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және жолын кесу бойынша қажетті білім мен практикалық дағдыларды алды.
Қазгидрометтің мақсаты — сыбайлас жемқорлықты азайту екенін атап өткіміз келеді. Сондай-ақ, өз кезегінде осының есебінен мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруды да көздейміз. Осылайша, 2021 жылдың соңына дейін жоспарымызға сәйкес: ISO 37001 стандартын енгізуге және сертификациялаудан өтуге қол жеткізуді нысаналап отырмыз.