Қазгидромет университеттермен ынтымақтастықты дамытуда

IconЖарияланды 26.08.2021

26 тамызда Нұр-Cұлтан қ. "Қазгидромет" РМК Сүлейман Демирел (SDU) ат. университет өкілдерін қабылдады.

Кездесу барысында университет ғалымдары мен оқытушылары "Қазгидрометтің" математикалық модельдеу және бағдарламалық өнімдерді жасау саласындағы үлкен тәжірибесін назарға ала отырып, SDU-ның гидрометеорологиялық процестерді математикалық модельдеу бойынша оқу бағдарламасын енгізуге, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ университет студенттерінің сондай-ақ университет студенттерінің Қазгидромет базасында өндірістік іс-тәжірибеден өтуіне қызығушылық танытты.

"Қазгидромет" гидрология, метеорология, экология және бағдарламалық өнімдердің инновациялық жобалары саласында отандық өнімді дамытуды ұсынды.

Кездесу қорытындысы бойынша, болашақта өзара тиімді ынтымақтастық жасасуға уағдаластық. Сондай-ақ, SDU өкілдері үшін жаңартылған "Қазгидромет" зертханасында экскурсия өткізілді. Қорытындылай келе, "Қазгидрометтің" университет командаларымен кооперациядағы осындай белсенді жұмысы, жақын арада өз жемісін беріп, жақсы нәтижелерге жеткізетінін атап өту керек.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз