"Қазгидромет" РМК ультракүлгін радиациясының кезекті бюллетенін шығарды

IconЖарияланды 28.08.2021

Бюллетень 2016 жылдан бастап апта сайын шығарылады. Әсіресе, бұл болжамдар жазда өзекті: адамдар табиғатта өз денсаулықтарына зиян келтірместен демалуға тырысады. 

УК индексі — жер бетіне жететін ультракүлгін сәулеленудің қауіптілік деңгейін көрсететін өлшемсіз шама. 

Бюллетеньде апта сайын озонның жалпы құрамының, күннің биіктігінің және ультракүлгін радиация белсенділігінің болжамын ескере отырып, қауіптен қорғау жөніндегі ұсыныстар көрсетіледі. 

Біздің мамандар, белсенді күнде болу уақыты туралы кестелер жасайды. Олар күн сәулесінен қорғану, күйіп қалу немесе денсаулыққа зиян келтіру қаупі жоғары уақыт жайлы егжей-тегжейлі кеңестер береді. 

27 тамыздан 2 қыркүйек аралығындағы ультракүлгін радиация индексі бюллетені "Қазгидромет" РМК сайтында қолжетімді: https://www.kazhydromet.kz/ru/ecology/ezhenedelnyy-byulleten-prognozov-indeksa-ultrafioletovoy-radiacii

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз