Мектепке жол: экология министрлігінің "ТАБИҒАТ" БПҰ-ы 1 қыркүйекке балаларды қамтыды

IconЖарияланды 31.08.2021

1 қыркүйек қарсаңында, Экология министрлігінің "Табиғат" БПҰ-ы, "Nur Otan" партиясының "Мектепке жол" қайырымдылық акциясына қатысты. Солайша, ЖМ "Светоч" балалар үйінің және КММ-нің "Облыстық қолдау орталығы" тәрбиеленушілері, барлық қажетті оқу құралдарымен жабдықталды.

Сонымен қатар, 70 балаға рюкзактар, кеңсе тауарлары, сондай-ақ түрлі-түсті кітаптар, бояулар, мүсіндеуге арналған материалдар және т.б. берілді.

Оқулықтарды табыстау барысында, экология вице-министрі Әлия Шалабекова: "Сіздерді алдағы білім күнімен құттықтаймыз. Жаңа оқу жылы сізге көптеген жаңалықтар әкелсін. Біз болсақ, өз тарапымыздан мүмкіндігінше қолдау көрсетеміз деп уәде береміз".

Өз кезегінде балалар оларға ұсынған барлық сыйлықтар үшін риясыз алғыстарын білдірді.

Айта кетелік, біз мұқтаж балалар мен отбасыларға жыл сайын көмек көрсетіп келеміз. Бұл біздің алдағы уақытта да ұстанатын, игі дәстүрімізге айналды.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз