Бұл бағдарламаның шеңберінде ОААЭО азия аймақтарының гидрометеорологиялық қызметтеріне метеорология, гидрология және агрометеорология болжамдарының сапасын жақсартуда қолдау көрсетеді. 2018 жылы Орталық Азия аймағының гидрометеорологиялық қызметтерін арнайы бағдарламамен оқыту жүргізілді. Кейін «Қазгидромет» РМК қызметкерлері оны гидрологиялық болжамдарға: су тасқындары мен су басуларға сәтті бейімдеді.
Қысқа мерзімді және орта мерзімді гидрологиялық модельдеу бойынша Қазақстандық тәжірибе сәтті болып, болжамдардың сапасы мен дәлдігіне анағұрлым ықпал етті. «Қазгидромет» РМК қабырғасында өтіп жатқан семинарды ОААЭО Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан гидрологиялық қызметтері үшін ұйымдастырды. 2020 жылдың ішінде «Қазгидромет» РМК мамандары семинарға қатысып жатқан әр республика үшін су тасқыны және су басу болжамдарының бағдарламасына бейімделу жұмыстарын жүргізетін болады.