"Қазгидромет" РМК Атырау қаласының тұрғындарын, AirKZ мобильді қосымшасын пайдаланушыларды, №6 бекеттің атмосфералық ауа мониторингінің автоматты станциясын көшіру туралы хабардар етеді.
Бұдан бұрын аталмыш бекет, Т.Бигелдинов көшесінде орналасқан еді. Бірақ атмосфералық ауаны неғұрлым көп ластану нүктелеріне (ірі көлік айрықтары, өндірістік объектілер немесе халық тығыз орналасқан аудандар) орналастырудың орындылығына байланысты және дәл диагностика жүргізу мақсатында, Жұлдыз шағын ауданына көшірілген болатын. Жаңа орынның деректері, экологиялық мониторинг картасында қолжетімді: http://ecodata.kz:3838/app_dem_visual және мобильді қосымшада Air.kz