Біз үшін ең бастысы — адал жұмыс. Себебі, біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз: оны елдің ұлттық гидрометеорологиялық қызметінде жоюды мақсат етіп отырмыз. Бұл үшін "Қазгидромет" РМК барлық қажетті шаралар мен жұмыстарды қабылдауда және жүзеге асырып отыруды.
Мәселен, жақында бас директор Алимбаева Данара Қизатовнаның төрағалығымен, кәсіпорынның сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалауды алқалы түрде қарау өткізілді. Барлық құрылымдық бөлімшелер мен филиалдардың қатысуымен, оларды азайту және жою бойынша себептер мен іс-шаралар талқыланды.
Осылайша, біз сыбайлас жемқорлықты азайтуды, емлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруды көздеп отырмыз.