«Қазгидромет» РМК Атырау қаласының тұрғындарын экологиялық бекеттердің көшірілгені туралы хабардар етеді 

IconЖарияланды 14.09.2021

«Қазгидромет» РМК Атырау қаласының тұрғындарын, AirKz мобильді қосымшасын пайдаланушыларын, атмосфералық ауа мониторингінің №1, 5 және 6 автоматты станцияларын көшіру туралы хабардар етеді. 

Атмосфералық ауаны неғұрлым көп ластану нүктелеріне (ірі көлік айрықтары, өндірістік объектілер немесе халық тығыз орналасқан аудандар) орналастырудың орындылығына байланысты және дәл диагностика жүргізу мақсатында, Жұлдыз, Самал, Құрсай шағын аудандарына көшірілген болатын. 

Жаңа орындардағы деректер экологиялық мониторинг картасында: http://ecodata.kz:3838/app_dem_visual / және AirKz мобильді қосымшасында: https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.khm.airkz қолжетімді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз