Анықтама бойынша,"қоңыр күз" – бұл күзде құрғақ, шуақты және салыстырмалы түрде жылы ауа-райының ұзақ кезеңі.
Алдағы күндері Қазақстан аумағының солтүстік жартысына, Солтүстік теңіздердің аудандарынан суық ауа массаларының өткірленуі жүзеге асырыла бастайды. Осыған байланысты түнгі сағаттарда ауа температурасының айтарлықтай төмендеуі күтіледі: 3°С-қа дейін үсік жүру мүмкіндігі бар. Күндіз +8+12°С-қа дейін жылынады, оңтүстік өңірлерде болса, ағымдағы онкүндіктің соңында ауа температурасының төмендеуі соншалықты елеулі болмайды – ауа температурасы түнде +15+20°С-тан +5+15°С-қа дейін, күндіз +27+35°С-тан +22+27°С-қа дейін болады деп болжануда.
Үшінші онкүндіктің басында, Иран аудандарынан жылы ауа массаларының республика аумағына шығарылуымен, температуралық фонның біртіндеп көтерілуі күтілуде. Алдымен еліміздің батыс өңірлерінде ауа температурасы күндіз +20+25°С-қа дейін көтеріліп, келесі күндері Қазақстанның қалған өңірлері де жылумен қамтылады. Солтүстік өңірлерде ауа +17+25°С дейін жылынады, орталық және шығыс бағандарында термометрлер +20+28°C белгісіне дейін, оңтүстік өңірлерде +28+33°С дейін көтеріледі.
Қазан айындағы алдын ала болжамға сәйкес, айдың екінші онкүндігінде ауа-райы жылы күндермен құбылады, алайда түнгі температура төмен болады: батыста түнде +5+13°С, күндіз ауа +23+28°С дейін, солтүстік өңірлерде түнде +2+9°С, күндіз +15+23°С, оңтүстік өңірлерде түнде +8+15°С, күндіз +22+30°С.
Ескерту: консультациялық болжам синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетіледі және болжам күні жақындаған сайын нақтыланады.