Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданы әкімдігінің өтініші негізінде, "Қазгидромет" РМК Көктал-1 ш/а, Бабатайұлы к-сі, 24 үй мекен-жайы бойынша орналасқан № 40 мектеп ауданында, атмосфералық ауадағы күкіртсутектің жоғары құрамы бойынша түсініктеме беретінің хабарлайды.
Солайша, Көктал-1 ауданында күкіртсутегі бойынша көрсеткіштің жоғары шоғырлану себебін анықтау үшін, «Қазгидромет» РМК зертханасы Нұр-Сұлтан қ. экология Департаментімен бірлесе отырып, №40 мектеп ауданында атмосфералық ауа сапасына жоспардан тыс өлшеу жүргізді. Тексеру барысында, ауаның күкіртсутекпен ластану көзі орнатылды – бұл ассенизаторлық машиналар ағызылатын қалалық тазарту қондырғыларындағы кәріз нүктесі болып шықты. Ағызу нүктесі ауданында өлшеу жүргізу кезінде, экология департаменті мен Қазгидромет мамандары күкіртті сутек бойынша концентрациялардың 9 ШРК-ға дейін артуының көптеген жағдайларын тіркеді. Осылай, желдің бағытын ескере отырып, күкіртсутегі, шашырау процесінде № 40 мектептің аумағына жетеді де, бұны өз кезегінде экологиялық мониторинг бекеті 0,5-3 ШРК деңгейінде тіркейді.