Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы күтіледі. Бұған екі циклонның — солтүстік-батыс және оңтүстік, бірігуі ықпал етеді. Жаңбыр жауады: республиканың солтүстік жартысы мен шығысында жаңбырдың қарға ауысуы мүмкін. Желдің күшеюі, түнде және таңертең тұман күтіледі.
Республиканың батысында ауа температурасы түнде 7-15, күндіз 15-25-тен 10-20-ға дейін төмендейді. Солтүстік-батыста түнде 3 аяздан 5-ке, 3-11 жылуға дейін, күндіз 13-23-тен 3-13 жылуға дейін төмендейді. Елдің солтүстігінде және орталығында түнде термометрлер 2-7 аяздан 3-8 жылуға дейін, күндіз 10-20-дан 5-13 жылуға дейін болады деп болжануда. Республиканың шығысында ауа температурасы түнде 5 аяз 5 жылуға, күндіз 7-17 жылу аралығында. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысына келсек, түнде 5-15-тен 10-17-ге дейін жылу, күндіз 25-32-ден 18-25-ке дейін жылу төмендейді деп күтілуде.