Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Қазақстан аумағының басым бөлігі циклонның ықпалында болады. Оның атмосфералық фронттары солтүстікте, солтүстік-батыста, орталық пен шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағаймен жаңбыр жауғызады. Еліміздің батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстік жартысында көктайғақ күтіледі.
Батыста ауа температурасы түнде 0-15 градус жылу, 3 градус аяз, күндіз 7-22 жылу, солтүстік-батыста түнде 0-10 жылудан 6 аяз–5 жылуға дейін, күндіз 0-13 жылу, солтүстікте түнде 3 аяз–6 жылу, күндіз 5-11 жылудан 2-8 жылу аралығында, орталықта 3-11 жылудан 3 аяз–8 жылуға дейін төмендейді, күндіз 7-18 жылудан 2-10 жылуға дейін болжанады, шығыста түнде 3 аяз–10 жылу, күндіз 10-20 жылу, оңтүстік және оңтүстік-шығыста негізгі фон түнде 7-18 жылуды, күндіз 12-27 жылулықты құрайды.