Құрметті жазылушылар, естеріңізге сала кетсек, осыған дейін біз сіздерді "Қазгидромет" РМК-ның өңірлік филиалдарында жүргізіліп жатқан жаңарту мен жөндеу жұмыстары туралы жарияланымдар циклін бастайтындығымыз жөнінде хабардар еткен болатынбыз.
Осы жолғы сөз қозғалы отырған филиал — Қарағанды бойынша болмақ. Айта кетелік, бұндағы метеорологиялық бақылау, 24 метеорологиялық және 9 автоматты станцияда, ал аэрологиялық бақылау болса 2 станцияда — Қарағанды және Жезқазғанда жүргізіледі.
Солардың арасында 2021 жылы, жоспарланған жөндеу жұмыстары, «Балқаш» және «Родниковское» атты екі метеостанцияда іске асырылды. Бұнда: ғимараттардың сыртқы және ішкі әрлеуі жасалды.
Оған қоса, 2020 жылдың 1 қазанынан бастап жетуге жолы қиын Құлжамбай станциясы жабылып, Қоскөл автоматтандырылған метеостанциясы ашылды. Аталмыш станцияларда іске қосу-баптау жұмыстары жүргізілді — барлық датчиктер жұмыс күйінде: деректер тіркеледі және метеопорталға беріледі. Қысқасы, пайдалануға толықтай дайын.
Сонымен қатар, әскери-азаматтық үйлестіру мәселелері жөніндегі кеңестің хаттамасына сәйкес 2021 жылға арналған радиозонд шарларын іске қосу жөніндегі мүдделі ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі жыл сайынғы Нұсқаулық келісілді және бекітілді.