Жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы жоғарылайды

IconЖарияланды 06.10.2021

Солтүстік-батыс антициклонның әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа-райы болжанады. Тек шығыс пен оңтүстіктегі ауа-райы, циклонның ағып кетуінен, жаңбырлы, қарлы болады деп күтіледі. Осылайша 7 қазан күні елдің шығысында қатты жауын-шашын болады. Сондай-ақ республика бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман, шығыста және орталықта — көктайғақ, төмен бұрқасын, батыста — шаңды дауыл күтіледі. Батыста және солтүстік-батыста күндізгі температура 10...18-ге дейін, солтүстікте, шығыста және орталықта 8...15-ке дейін, оңтүстік аймақтарда 15...20-ға дейін аздап жоғарылайды.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз