Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Қыркүйек айының басында, суық арктикалық массалардың енуімен, солтүстік аймақтарда ауа температурасы төмендеп, +15 +22°С аралығында болды. Бірақ 3 қыркүйек күні Жерорта теңізінің шығыс жағалауынан жылы ауа массаларының шығарылуымен және антициклональды ауа-райының қалыптасуымен, жаздай ыстық ауа-райы байқалды, ауа температурасы +25 +36°С дейін жылынды.
Қазақстанда алғашқы аяздар 19-28 қыркүйек аралығында, еліміздің батыс, солтүстік, орталық, шығыс, сондай-ақ оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында байқалды, ауа температурасы түнгі уақытта — 2-9°С дейін төмендеді.
Республиканың солтүстік жартысында, бірінші онкүндіктің соңында, көбіне екінші онкүндікте және айдың соңында, Солтүстік циклондар және олармен байланысты фронтальді бөлімдер ауа-райының тұрақсыз сипатын анықтады: жаңбыр жауып, 15-18 мм-ге дейін қатты жауын-шашын байқалды (28 қыркүйекте Қостанай облысының Железнодорожный метеостанциясы мен Тобыл метеостанциясында 18 мм жауын-шашын тіркелді), жел 15-28 м/с екпінге дейін күшейе түсті. Ал қыркүйек айының соңында, түнгі сағаттарда жаңбырдың қарға ауысуы байқалды.
Қазақстанның оңтүстік жартысында жоғары қысымды аймақтың ықпалы басым — жекелеген күндері аздаған жауын-шашын тіркелді. Республиканың оңтүстік-шығысында болса, атмосфералық фронттардың өтуімен, бірқалыпты жаңбыр жауып, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қар аралас жаңбыр байқалды. Сондай-ақ, жел 15-29 м/с дейін күшейді. Бұл көрінудің 100-1000 м дейін нашарлауы мен шаңды дауылдарға себеп болды.
Нұр-Сұлтан қаласында температуралық режим бойынша рекордтар байқалмады: елордадағы ең төменгі ауа температурасы 22 қыркүйекте тіркелді және -2, 4°С құрады, ең жоғарғы ауа температурасы болса, 4 қыркүйекте байқалды және +29,0°С құрады.