Ресейдің еуропалық бөлігін үлкен күмбезбен жауып тұрған қуатты антициклон, ауа-райының жауын-шашынсыз болуына және еліміздің батысы мен солтүстік-батысына жылы ауаның шығуына себеп болды. Бұл аймақтарда термометрлер күндіз +15+20 градусқа дейін көтеріледі. Қазақстанның қалған аумағы төмен қысымды алаңның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Олармен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын өтеді, оңтүстік өңірлерде бұршақ жаууы және желдің күшеюі болады. Еліміздің солтүстігінде, шығысында, орталығында және оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында ауа температурасы күндіз 7-15 жылудан 0-7 жылуға дейін, оңтүстік өңірлерде 3-8 жылу, таулы аудандарда 3 аяз, күндіз 10-15 жылуға дейін төмендейді деп күтілуде.