Құрғақ және жылы ауа-райы орнайды

IconЖарияланды 15.10.2021

Ауқымды антициклон Қазақстан аумағына өз ықпалын тигізуін жалғастыруда — бүкіл республика бойынша құрғақ, жылы ауа-райы қалыптасады. Елдің батыс бөлігінде ғана, циклон шұңқырының әсерінен жаңбыр жауады деп болжануда. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде болса желдің күшеюі, шаңды дауыл болады деп күтілуде. Күндіз республиканың батысында, солтүстік-батысында ауа температурасының негізгі фоны 12....22 жылуды, республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында 13...20 жылулықты, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 13....23 жылуды құрайды.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз