Жаңа Жер аудандарынан антициклон Қазақстанның басым бөлігінде қысқа мерзімге күннің суытуын алып келеді. Республиканың оңтүстігінде фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр, кей жерлерде найзағаймен, екпінді желмен қатты жаңбыр жауады, сондай-ақ кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. Түнгі сағаттарда солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында термометрдің сынап бағаналары 0℃-тан төмен түседі. Алайда кезеңнің соңына қарай оңтүстік тропосфералық ағындармен республиканың барлық аумағында температураның жоғарылауы күтіледі.