Бүгін «Қазгидромет» РМК қызметкерлері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» РМК ұйымдастырған «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасына қатысып, донор болды.
«Қайырымды істер марафонының» бір көрінісі – донор болу. Өйткені, қан –таптырмайтын дәрілік зат. Донорлық қан ауыр жарақаттар мен операциялар, жаппай қан кету және қан ауруы, балалар аурулары, септикалық аурулар, күю, улану кездерінде және көптеген басқа да жағдайларда адам өмірін құтқара алады.
Трансфузиология орталығы емдеу мекемелерінің қажеттілігін қауіпсіз қан компоненттерімен қамтамасыз ету үшін халықтың арасында қан мен оның компоненттерінің тегін доноры болуды үнемі насихаттап отырады. «Қазгидромет» РМК ұжымы Донор күніне тұрақты қатысады және жылына екі рет қан тапсырады. Бүгін де 40-тан астам адам қан тапсырды.