Гидробекеттер қыс мезгіліне дайын

IconЖарияланды 02.11.2021

Қыс қарсаңында «Қазгидромет» РМК аймақтық филиалдары гидрологиялық бекеттерге жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Алматы қаласы бойынша филиалы Құмбел өзеніндегі, Малыбай ауылы Шілік өзенінің сағасындағы, Проходная өзені сағасынан жоғары Үлкен Алматы өзеніндегі гидробекеттерге жөндеу жұмыстарын жүргізді. Көпірлер мен өткелдер жөнделді.

Алматы облысы бойынша филиалы Ақжар ауылы Қаратал өзеніндегі гидрологиялық бекетке мынадай жөндеу жұмыстарын жүргізді: тұтқалар  ауыстырылып, өткелдер қапталды және металл конструкциялар боялды.

Атырау облысы Индербор кентіндегі Орал өзені және Каспий теңізінің Пешной аралы бекеттерінде қиыршық тас қабаты төселіп, нығыздап тегістелді. Бекеттердің айналасындағы алаң  тереңдетіп дайындайтын машиналардың көмегімен бұталар мен шілік тоғайдан тазартылды. Айлаққа көпіршелер, бағаналар мен тақтайшалар орнатылды. Сондай-ақ бекеттердің атаулары көрсетілген белгілер орнатылды.

Қарағанды облысының Балқаш көлі, Сарышаған т/ж станциясындағы пирске монтаждау жұмысы жүргізіліп, оның едені кедір-бұдырлы болат табақпен қапталды, сонымен қатар пирстің үстіне болат жалатылып, пішінделген табақ орнатылды.

Қызылорда облысының Сырдария өзені - Қараөзек т/ж станциясы Керікелмес разъездіндегі паромға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оның ағаш төсемі мен металл бұрыштықтары ауыстырылды. Сонымен қатар паромды тегістеу және бояу жұмыстары аяқталды. Тақтай едендер металл құрылмаларға ауыстырылып, металл салма бөлшектер ажыратылды. Табақты құрылмалар (бөшкелер, суағарлар, құйғыштар, науалар) орнатылды.

Түркістан облысының Бадам өзені - Қызылжар кентіндегі бекетке өздігінен жазғыш құдық орнатылды. Қадалар дайындалып, оларды бетондау, тегістеу және бояу жұмыстарды жүргізілді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз