2021 ж. 11-16 Қараша аралығындағы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі деңгейiнiң болжамы*

IconЖарияланды 12.11.2021

Солтүстік Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,33 м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,04 м-ден 28,73 м-ге дейін болады деп күтілуде.

Орта Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,51 м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,07 м-ден 28,99 м-ге дейін болады деп күтілуде.

* Есептік сипаттамалар «Қазгидромет» РМК-де икемделген Дания гидравликалық институтының MIKE 21 гидродинамикалық модулін пайдалану барысында алынды.

2021 ж. 04-10 қараша  аралығына арналған Каспий теңізі су бетінің жай-күйі

Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз станциялары мен посттардың жедел деректері бойынша (Пешной, Жанбай, Құлалы аралы, Тюлений аралы (Росгидромет)) теңіз деңгейінің орташа мәні 28,39 м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 28,01 м-ге, ең төменгі мәні – минус 29,00 м-ге сәйкес келді.

Теңіз станциялары мен посттарының (Форт-Шевченко, Ақтау, Фетисово және Махачкала (Росгидромет)) жедел деректері бойынша Каспий теңізі деңгейінің орташа мәні минус 28,46 м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 28,06 м-ге, ең төменгі мәні минус 29,01 м-ге сәйкес келді.

2021 ж. 10 қараша  ғарыштан түсірілген Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің суреті («NASA» жобасының суреті).

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз