2021 ж. 18-23 Қараша аралығындағы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі деңгейiнiң болжамы*

IconЖарияланды 19.11.2021

Солтүстік Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,34 м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,04 м-ден 28,65 м-ге дейін болады деп күтілуде.

Орта Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,50 м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,06 м-ден 29,01 м-ге дейін болады деп күтілуде.

* Есептік сипаттамалар «Қазгидромет» РМК-де икемделген Дания гидравликалық институтының MIKE 21 гидродинамикалық модулін пайдалану барысында алынды.

2021 ж. 11-17 қараша  аралығына арналған Каспий теңізі су бетінің жай-күйі

Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз станциялары мен посттардың жедел деректері бойынша (Пешной, Жанбай, Құлалы аралы, Тюлений аралы (Росгидромет)) теңіз деңгейінің орташа мәні 28,51 м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 28,13 м-ге, ең төменгі мәні – минус 28,73 м-ге сәйкес келді.

Теңіз станциялары мен посттарының (Форт-Шевченко, Ақтау, Фетисово және Махачкала (Росгидромет)) жедел деректері бойынша Каспий теңізі деңгейінің орташа мәні минус 28,49 м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 28,06 м-ге, ең төменгі мәні минус 29,00 м-ге сәйкес келді.

2021 ж. 17 қараша  ғарыштан түсірілген Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің суреті («NASA» жобасының суреті).

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз