Елордада тәулік ішінде жауын-шашынның бір айлық нормасы түсті

IconЖарияланды 25.11.2021

24-ші күн мен 25-ші қарашаға қараған түні, Нұр-Сұлтан қаласына 25 мм жауын-шашын түсті. Қардың биіктігі 28 см құрады. Жалпы елордада қараша айында жауын-шашын нормасы — 28 мм мөлшерін қамтыды. Солайша, бір күнде еліміздің бас қаласына айлық жауын-шашын түсті — қардың жаууы, әлі де жалғасатын болады. Гидрометорталықтың болжамы бойынша жауын-шашын сағат 16.00-де тоқтайды.

Жалпы, қарашаның 1-ден 25-іне дейін елордаға 45.1 мм жауын-шашын түсті. Бұл норманың екі есе асып кетуін көрсетеді: ал қараша әлі аяқталған жоқ!

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз