Ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі

IconЖарияланды 03.12.2021

04 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде синоптикалық жағдайды антициклон жотасы анықтайды — жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ал оңтүстік өңірлердің ауа-райына оңтүстік циклон әсер етеді: жаңбыр, шаңды дауылдармен, желдің күшеюі болжанады. 05-06 желтоқсанда Республиканың көптеген облыстарында солтүстік-батыс циклонның қуысымен байланысты, атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы күтіледі. Қар түрінде жауын-шашын болады, көктайғақ, тұман, солтүстік жартысында бұрқасын болады. Батыста ауа температурасы түнде 5 аяз-3 жылу, күндіз 3 аяз-5 жылу, солтүстік-батыста ауа температурасы аздап төмендейді — түнде 6 аяз-3 жылудан 3-11 аязға дейін, күндіз 0-8 аяз, солтүстікте температура төмендейді — түнде 5-13-тен 10-18 аязға, күндіз 2-10-нан 5-13 аязға дейін, республиканың шығысы мен орталығында ауа температурасы ауытқыйды — түнде 5-13-тен 10-20 аязға дейін, күндіз 0-10 аяз, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде 2 аяз-7 жылу, күндіз 2-12 жылу.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз