Вегетациялық кезең ішінде (өсіп келе жатқан дақыл, өз дамуының толық циклынан өтетін уақыт аралығы) Қазақстанның бүкіл аумағында топырақтың метрлік қабатынан, ылғалдың булануына ықпал еткен ыстық ауа райы жағдайлары басым болды. Аяз басталғанға дейін республиканың көп бөлігінде аз жауын-шашын байқалды, бұл топырақтың нашар ылғалдануына әкелді.
2021 жылдың қазан-қараша айларында жүргізілген маршруттық зерттеулердің нәтижелері бойынша, астық егілетін өңірлердің басым аумағында, қысқа кетер алдында, топырақтың метрлік қабатында дым ылғал қорының тапшылығы байқалады.
Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының кейбір аудандарын қоспағанда, елдің барлық аумағында топырақтың егістік қабатында (0-20 см) төмен дым ылғал қоры байқалады. Топырақтың метрлік қабатындағы дым ылғал қорының жеткіліксіз деңгейі (яғни ең төменгі далалық ылғал сыйымдылығының 50%-ынан төмен), қанағаттанарлық дым ылғал қоры байқалған кейбір аудандарды қоспағанда, негізінен республиканың батысында, солтүстігінде, шығысында және Жамбыл мен Түркістан облыстарында қалыптасты.
Дым ылғал жинақтаудың ең қолайлы жағдайлары Қарағанды және Алматы облыстарында болды. Онда негізінен топырақтың метрлік қабатында ылғалданудың оңтайлы шарттары қалыптасты.
Қазан-қараша айларында еліміздің батысында 12-51 мм, солтүстікте 15-49 мм, орталықта 13-56 мм, шығыста 66-193 мм, оңтүстікте 14-78 мм және оңтүстік-шығыста 0-91 мм жауын-шашын түсті, бұл топырақтағы дым ылғал қорын толықтыруға ықпал етті.