Ауа райы тұрақсыз сипатын сақтайды

IconЖарияланды 20.12.2021

21-23 желтоқсан кезеңінде Қазақстанға Солтүстік-Батыс циклоны мен атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді — бұрынғысынша ауа райының тұрақсыз сипаты  сақталады, жаңбыр мен қар түрінде, оңтүстікте негізінен жаңбыр түрінде жауын-шашын өтеді. Республика бойынша тұман, көктайғақ, сондай-ақ 15-25 м/с дейінгі екпінді жел, солтүстік жартысында бұрқасын күтіледі. 23 желтоқсанға жақын, Қара теңіз аудандарынан антициклон шығарылады — ауа температурасының төмендеуі күтіледі: батыста түнде 8...23 аязға, күндіз 5...15 аязға дейін, солтүстікте, шығыста және орталықта түнде 5 ...15 аязға, күндіз 0...8 аязға дейін, оңтүстік және оңтүстік-шығыс жартысында түнде 5 аяз...5 жылуға, күндіз 0...10 жылуға дейін.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз