Қара теңіз аудандарынан шыққан ауқымды антициклон, Қазақстанның басым бөлігіне әсер етеді. Осыған байланысты еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында жауын-шашынсыз ауа райы, сондай-ақ 35 градусқа дейін аяз күтіледі. 30 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында қар жауады, түнде солтүстік-шығыста боран соғады. 31 желтоқсанда еліміздің батысында, 1 қаңтарда оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады. Республика бойынша тұман болжанады, жел 15-20 м/с дейін күшейеді, республиканың оңтүстік-шығысы мен шығысында желдің екпіні 23-28 м/с дейін, Алматы облысының Алакөл ауданында 30 м/с дейін жетеді.