6 қаңтардан бастап, Скандинавия аудандарынан келген кезекті циклон, республиканың басым бөлігінің ауа райына әсер етіп, өз жолында жауын-шашынның болуын (көбінесе қар түрінде), желдің күшеюін, сондай-ақ ауа температурасының шамалы көтерілуін туындатады. Республика бойынша тұман, көктайғақ күтіледі. Батыста және солтүстік-батыста түнде термометр бағандары 0-8 аязға, елдің солтүстігі мен орталығында 5-15 аязға дейін көтеріледі.