Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс аймақтарына әлі де Солтүстік-батыс антициклоны әсер етуде: кей жерлерде 30, жалпы 20-25 С-қа дейін аяз сақталады. 12 қаңтарда Солтүстік және Оңтүстік циклондар өздерімен бірге қар, боран, сондай-ақ ауа температурасының қысқа мерзімді көтерілуін алып келеді. Алайда 13 қаңтарда суық Солтүстік-батыс антициклоны артқа қарай жылжып, өзінмен бірге солтүстік-батысқа, солтүстікке, шығысқа, елдің орталығына қайтадан 30 градусқа дейін аяз әкеледі.
Ал Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлеріне келетін болсақ, мұнда оңтүстік циклонның әсерінен жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, сондай-ақ ауа температурасының 2-10 жылуға дейін біртіндеп көтерілуі күтіледі.