Биылғы қыс, қазақстандықтарды салыстырмалы түрде жылы ауа райымен еркелетуде. Синоптикалық процестер тез өзгеріп, бірде аяз, бірде жылу әкелуде. Қазірдің өзінде тағы бір антициклон, ел аумағынан шығып, өзінмен бірге аязды алып кетуде. Ал батыстан циклон тез қозғалуда. Ол еліміз арқылы жылжып, 15 қаңтар күні Қазақстанның барлық облыстарын қамтитын болады. Өзінмен бірге аталмыш циклон — жаңбыр мен қар, екпінді жел мен көктайғақ құбылыстарын ала келеді. Ал термометр бағаналары тез көтеріледі, тіпті солтүстік аймақтарда күндізгі уақытта 0-5 градус аяз болады деп күтілуде.