Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Солтүстік-Еуразиялық климаттық орталық (СЕАКО) онлайн-режимде 2020 жылғы 19-20 мамыр аралығында ТМД гидрометеорологиялық қызметтерінің арасында маусымдық болжамдар (СЕАКОФ) бойынша Он сегізінші климаттық форум өткізді.
Онлайн-форумның бірінші күні СЕАКО жетекші мамандарының баяндамаларына арналды, кейін форум Бағдарламаларының мәселелері зерделенді.
Екінші күні мамандар 2019 жылғы Форумның нәтижелерін талқылады, сондай-ақ ағымдағы жылдың алдағы жазында күтілетін метеорологиялық жағдайлар бойынша ТМД елдерінің гидрометеорологиялық қызметі өкілдерінің қысқаша хабарламаларын тыңдады.
«Қазгидромет» РМК Ұзақ мерзімді ауа райы болжамдары басқармасының мамандары «2019-2020жж. қысқы кезеңнің болжамы мен фактісі» және «Қазақстан Республикасының аумағы бойынша 2020 жылғы жазғы кезеңге арналған болжам» тақырыбында баяндама оқыды.
Екі күндік онлайн-форум жұмысының негізгі қорытындысы Солтүстік Еуразия аумағы бойынша 2020 жылдың алдағы жазғы маусымына келісілген болжам жасау болды.