Жауын-шашын және ауа температурасының төмендеуі күтілуде

IconЖарияланды 19.01.2022

Батыс және оңтүстік аймақтарда атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуімен, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, екпінді жел мен көктайғақ, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі. Елдің қалған аумағы жоғары қысымды алаңда болады: жауын-шашынның тоқтауы, сондай-ақ ауа температурасының төмендеуі болжанады. Батыс өңірлерде ауа температурасы түнде 10...18-ге дейін төмендейді, күндіз 3...11-ге дейін аяз, республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында түнде 20...28-ге дейін, күндіз 12...20-ға дейін аяз, оңтүстік өңірлерде түнде 5 аяз—5 жылы, күндіз 0...10 жылы болады.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз