ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» РМК Солтүстік Қазақстан облысы аумағындағы Питное көлінде балықтардың қырылуы анықталуына байланысты, «Қазгидромет» РМК филиалының қызметкерлері басты иондар, биогенді, органикалық және органикалық емес заттар, ауыр металдар, пестицидтерді қоса алғанда, 27 көрсеткіш бойынша су сынамасына талдау жүргізді.
Талдау нәтижелері бойынша – сутегі көрсеткіші 7,13, мөлдірлігі – 20 см, түсі – 25 градусты құрады. Шекті нормадан асып кетуі оттегіні химиялық тұтыну бойынша 45,1 мг/дм3 (су сапасы стандартының сандық мәндерінің шегі 15,0 – 35,0 мг/дм3), хлоридтер бойынша 542,0 мг/дм3 (су сапасы стандартының сандық мәндерінің шегі 300,0 – 350,0 мг/дм3) тіркелді.
Қазіргі уақытта пестицидтер мен оттегіні биохимиялық тұтынуды анықтау бойынша талдау жүргізіліп жатыр, олар 5 күн ішінде орындалады, нәтижелері 2020 жылғы 25 мамырда қосымша ұсынылады.