Қазақстанға жылжып келе жатқан оңтүстік циклон мен атмосфералық фронттар республикамыздың көптеген облыстарында қайта жауын-шашын жаңбыр, жылбысқы қар, солтүстік, орталық және шығыс облыстарында қар, бұрқасынмен күшті екпінді жел және көктайғақ туғызады. Жылы ауа массалары ауа температурасының оңтүстік пен батысында айтарлықтай жоғарылауын тудырды, ал алдағы тәуліктерде температураның жылымыққа дейін көтерілуі Қазақстанның қалған аймақтарында да басталады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарында күндізгі температура минус 5…плюс 5°С дейін, оңтүстік және батыста плюс 3…8°С, қиыр оңтүстікте плюс 15°С дейін болжанып, орташа көпжылдық мәннен 5…14°С-қа жоғары күтіледі.