Бүгін Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаментінде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) туындаған жағдайларда «Қазгидромет» РМК ШҚО бойынша филиалы, қаланың кәсіпорындары мен Экология департаменті арасындағы өзара іс-қимыл жасасу туралы үш жақты Меморандумға қол қойылды.
Бұл Меморандумның мақсаты байланыс пен жариялықты, өзара іс-қимыл принциптері мен табиғат пайдалануды тиімді реттеуді, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықты дамыту.
Біздің филиал өзінің құзыреттілігі мен өкілеттілігі шегінде қаладағы кәсіпорындарға атмосфераға шығарылатын ластағыш заттардың шығарындыларын азайту бойынша өз жағынан дер кезінде шаралар қолдану үшін ҚМЖ болжамы туралы бюллетенді алдын ала жолдап отыратын болады.