Су тасқыны бойынша алдын ала болжам

IconЖарияланды 02.02.2022

01.02.2022 жылғы жағдай бойынша, Қазақстан өзендерінің бассейндерінде ылғал қорының жинақталуы туралы консультациялық анықтама шығарылды.

Солтүстікте және орталықта қар жамылғысында жинақталған ылғал қордың көлемі су тасқынына, ал оңтүстік пен оңтүстік-батыста таяздыққа дайын болуға негіз береді. Алайда, қыс жалғасуда және тиісінше қар жиналу кезеңі де жалғасуда (көп жылғы бақылаулардың деректері бойынша көктем алдындағы кезеңде, тәулігіне жауын-шашынның айлық нормасы түсуі мүмкін).

Ақмола, Қарағанды және Қостанай облыстарының аумағы бойынша, қар жамылғысында топырақ қабаты бетінің үстінен мұз қабығы байқалады, ол температуралық фонның күрт жоғарылауы және қатты жаңбыр кезінде жаңбырлы су тасқынының туындауына әкеп соғуы мүмкін.

Қазақстанның жазық өзендері бассейндеріндегі қар жамылғысындағы су қоры үлкен әркелкілікпен сипатталады: Қарағанды облысында орташа көп жылдық мәндерден 33-51%-ға төмен; Ақмола облысында орташа көп жылдық мәндерден 25%-ға жоғары; Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарында орташа көп жылдық мән шегінде; Қостанай облысында Тобыл, Аят және Тоғызақ өзендерінің бассейндерінде орташа көп жылдық мәндерден 30-44%-ға төмен.

Толығырақ біздің сайтта

https://kazhydromet.kz/gidrologiya/gidrologicheskiy-prognoz/2022  

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз