Кезеңнің басында, Қазақстан аумағының басым бөлігі Екатеринбург аудандарынан және онымен байланысты атмосфералық фронттардан келетін циклон жырасының ықпалында болады. Осыған байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады — жауын-шашын, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі. Кезеңнің соңына қарай, Қазақстанның солтүстік, шығыс, орталық өңірлеріне Батыс Сібірдің аудандарынан антициклон ауысады, онымен жауын-шашынның тоқтауы және температураның төмендеуі болжанады. Солтүстік өңірлерде түнгі сағаттарда 15...28 градусқа дейін аяз, орталық өңірлерде 15...25 градус, Қазақстанның шығысында 15...30 градус аяз күтіледі.