Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
РМК эколог-мамандары "Қазақстандағы ластаушы заттардың шоғырлануын мониторингілеу кезіндегі проблемалар мен шешімдер" тақырыбындағы онлайн конференцияға қатысты. Конференция "Орталық Азиядағы ауа сапасын басқару бойынша әлеуетті нығайту" жобасы аясында ұйымдастырылды. Конференцияны өткізуге және Қазақстандағы атмосфералық ауаны мониторингілеумен айналысатын негізгі мемлекеттік ұйым ретінде — "Қазгидромет" РМК мамандарын шақыруға бастамашы ретінде Тәжірибе жүргізетін экологтар қауымдастығы болды. Қазіргі уақытта "Қазгидромет" РМК-ның экологиялық мониторинг департаменті, еліміздің 69 елді мекенінде 170 бақылау бекетінде және 15 жылжымалы зертханаларда атмосфералық ауа сапасына мониторинг жүргізуде. Барлық ақпарат сайтымызда www.kazhydromet.kz , AirKZ мобильді қосымшасында және атмосфералық ауа сапасының интерактивті картасында http://ecodata.kz:3838/app_dem_visual/ қолжетімді.