Осы қыста "Қазгидромет" РМК Шымбұлақ қар көшкін станциясы өзінің 55 жылдық мерейтойын атап өтуде!
Қазақстандағы қар көшкін қызметі, ТМД-дағы ең жас қызметтердің бірі — 1997 жылға дейін өзінің алдына қойылған барлық міндеттерді табысты шешіп, КСРО-дағы ең үздіктердің бірі болды. Алғашқы қар көшкін станциясы 1967 жылдың 23 ақпанында ресми түрде ашылды. Содан бері бұл қызмет ондаған жылдар бойы көшкін қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келеді.
Оның басты міндеті — қардың жағдайы, құрылымы, биіктігі бойынша бақылау және талдау жүргізу. Алынған деректердің негізінде, біздің қызметкерлер қажет болған жағдайда қар көшкіндерін алдын алу бойынша қажетті ұсыныстар береді. Сондай-ақ, қар жауғаннан кейін олар арнайы әзірленген бағыттар бойынша жүріп, төрткілдештердің көрсетулерін жазып алып, түскен көшкіндерді сипаттайды да, ақпаратты басқармаға жолдайды. Айта кетсек, әдеттегі маршрут 3000 м-ден астам биіктікте орналасқан! Солайша, №6 маршруттық шыңның биіктігі 2950 м құрайды.
Өздеріңіз білетіндей, біздің қар көшкін қызметіміз — өте ауқымды, өте жауапты, көп уақытты қажет ететін, қызықты жұмыс. Барлығын бір ретте қамтып, айту мүмкін емес. Сондықтан, келесі жолы, біз сіздерге қар көшкіні, станциямыздың тарихы және осы салада жұмыс атқаратын біздің қызметкерлеріміз туралы толығырақ айтып беретін боламыз!
Ал қазір, "Қазгидромет" РМК, "Шымбұлақ" қар көшкін станциясының баға жетпес жұмыскерлерін, 55 жылдықпен құттықтайды! Сіздерге мықты денсаулық, еңбегіңізде мол табыс, сарқылмас оптимизм, отбасыларыңызға амандық тілейміз! Біз сіздерді бағалаймыз.