2022 жылдың ақпан айының 3-ші онкүндігіне қысқаша агрометеорологиялық шолу

IconЖарияланды 03.03.2022

Ақпанның үшінші онкүндігінде республиканың оңтүстігінің, оңтүстік-шығысының және батысының күздік дәнді дақылдар себілген аудандарында температуралық фон нормадан 2...8ºС жоғары болып, барлық жерлерде нормадан төмен шамалы жауын-шашын жауған. Мұндай метеорологиялық жағдайлар оңтүстік облыстарда күздік бидайдың қыстау кезеңінің айтарлықтай қиындықсыз өтуіне қолайлы болған.

Түркістан облысының Екпінді және Қазығұрт станцияларының маңайында «көктеу» және «3-ші жапырақ» даму фазасындағы күздік бидайдың, сондай-ақ Шымкент және Қазығұрт станцияларының маңайында жоңышқа шөптерінің қайта өсіп-өнуі байқалған.

Батыс Қазақстан облысында тұрақты қар жамылғысы (24-27 см) байқалған, бұл күздік дәнді дақылдардың қысқа төзімділігіне қолайлы әсер етеді.

Алматы облысында күздік бидайдың түптену тереңдігіндегі (3 см) топырақтың минималды температурасы минус 2...6ºС, Жамбыл облысында минус 2ºС және Түркістан облысында 0ºС плюс 1ºС дейін болған.

2022 жылдың ақпан айының 3-ші онкүндігіне арналған агрометеорологиялық шолумен, толығырақ келесі сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз: https://www.kazhydromet.kz/ru/agrometeorology/kratkiy-obzor-agrometeorologicheskih-usloviy

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз