Алдағы күндері Қазақстан аумағының солтүстік жартысына жауын-шашынсыз ауа райы мен ауа температурасының төмендеуін алып келетін кезекті антициклон әсер етеді. Түнде бұл аймақтарда термометр бағандары 15...25 аязға дейін төмендейді. Елдің батыс және оңтүстік аймақтарында болса, оңтүстік циклонның шығуы күндізгі ауа температурасының 10...20 жылуға дейін көтерілуіне әкеледі.