Скандинавия аудандарынан келктін циклон, республиканың батыс және солтүстік өңірлеріне ауысады, ал Қазақстанның оңтүстік және орталық аудандары оңтүстік циклонның ықпалында қалады. Ол жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашынды алып келеді: елдің солтүстігі мен батысында оған қоса боран, оңтүстігінде негізінен жаңбыр, ал таулы, тау бөктеріндегі аудандарда – қатты жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады. 28 наурызда елдің оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігін, жауын-шашынсыз ауа райын әкелетін антициклон анықтайды. Республика бойынша жел күшейеді.
Солтүстікте түнгі температура 10...20-дан 5...15 аязға дейін, күндіз 0...8 аяздан 5 аяз...3 жылуға дейін, оңтүстік жартыда: түнде 6 аяз...5 жылу аралығында, күндіз 12...17-ден 5...10 жылуға дейін төмендейді, елдің батысында: түнде 5 аяз...5 жылу, күндіз термометр бағандары 0...10 градус жылуды көрсетеді.