Қазгидромет Росгидрометтің кеңейтілген алқасына қатысты

IconЖарияланды 25.03.2022

2022 жылғы 25 наурызда "Ресей Федерациясының гидрометеорологиялық қызметінің 2021 ж қызметі және 2022 ж арналған міндеттері туралы" Росгидромет алқасының қорытынды онлайн отырысы өтті.

Қорытынды отырыс аясында, ұлттық гидрометеорологиялық қызметтердің өкілдері баяндама жасады. Ұйымдастырушы елдің шақыруы бойынша, екі жақты ынтымақтастықтың 2021 жылғы нәтижелері туралы "Қазгидромет" РМК бас директоры — Данара Алимбаева сөз сөйледі.

Росгидромет коллегиясының мәжілісі, саланы болашаққа дамыту мәселелері, сондай-ақ ақпарат алмасу, қызметкерлерді оқыту және кездесулер мен семинарлар өткізу бөлігіндегі халықаралық ынтымақтастық сееілді сұрақтарды қамтыды.

2021 жыл, пандемияға қарамастан, Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның құрамына кіретін елдердің өзара әрекеттесудің жоғары нәтижелерімен ерекшеленді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз