NASA спутниктік суреттерінің деректері бойынша "Қазгидромет" РМК есептеген Қазақстан аумағының қармен жабылған ауданы 2022 ж 17-24 наурыз аралығында 61%-дан 60%-ға дейін азайды.
2022 жылғы 26 наурыз бен 1 сәуір аралығындағы апталық синоптикалық болжамның негізінде, Скандинавия аудандарынан келген циклон мен оңтүстік циклон еліміздің барлық аумағында ауа райының тұрақсыз сипатына себепші болады, жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, 23-28 м/с дейінгі екпінді жел, тұман және көктайғақ күтіледі. 26 және 29 наурызда Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы, тау бөктері аудандарында, 26-27, 29 наурызда Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктері аудандарында, 27 және 29 наурызда Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын болады деп болжануда. Жоғарыда аталған өңірлердің тау бөктеріндегі аудандарында көлбеу ағын қалыптасады деп күтілуде.
Шығыс Қазақстан облысында 28 және 30 наурызда — қатты қар, 29 наурызда – қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), 29 наурызда Ақмола облысында қатты жауын-шашын (негізінен қар түрінде) жауады.
Батыс қазақстан облысы бойынша: 27-28 наурызда облыстың оңтүстігінде, 30 наурызда облыстың батыс жартысында түнде ауа температурасы 3 жылуды, күндізгі температураның негізгі аясы 2-7 жылуды көрсетеді.
30 наурыздан бастап Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары, 31 наурыздан бастап Павлодар облысы бойынша күндізгі температура 2-5 жылудың оң мәндеріне жетеді.
Қарағанды облысы бойынша: 28-29 наурыз, 1 сәуір күндері облыстың оңтүстігінде түнде ауа температурасы 3 жылу, күндіз 3 аяз-2 жылу, облыстың оңтүстігінде 7 жылу, кезеңнің ортасында 0-5 аязға дейін аздап төмендеу, оңтүстік-шығыста 3 жылу, кезеңнің соңында 0-5 жылу, облыстың оңтүстігінде 8-13 жылуға дейін (3-қосымша) болжануда.
Осыған байланысты, жоғарыда аталған өңірлерде қарқынды қар еруі және өзендердегі мұз құбылыстарының әлсіреуі күтіледі.
Қазақстанның жазық өзендерінің бассейндері бойынша жинақталған ылғал қорының көлемі келесідей қалыптасты:
— Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе және Батыс Қазақстан, Қостанай облыстары бойынша орташа есеппен 12%-дан 45%-ға дейін төмендеді;
Метеостанциялардағы көпжылдық бақылаулардың деректері бойынша наурыз, сәуір айларында тәулік ішінде жауын-шашынның айлық нормасы түсуі ықтимал, ал бұл өз кезегінде қауіпті стихиялық гидрометеорологиялық құбылыстардың туындауына әкеп соғуы мүмкін.