2022 ж. 31 наурыз – 05 сәүip аралығындағы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі деңгейiнiң болжамы*

IconЖарияланды 01.04.2022

Солтүстік Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,29 м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 27,87 м-ден 28,64 м-ге дейін болады деп күтілуде.

Орта Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,52 м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,04 м-ден 29,05 м-ге дейін болады деп күтілуде.

* Есептік сипаттамалар «Қазгидромет» РМК-де икемделген Дания гидравликалық институтының MIKE 21 гидродинамикалық модулін пайдалану барысында алынды.

2022 ж. 24-30 наурыз  аралығына арналған Каспий теңізі су бетінің жай-күйі

Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз станциялары мен посттардың жедел деректері бойынша (Пешной, Жанбай, Құлалы аралы, Тюлений аралы (Росгидромет)) теңіз деңгейінің орташа мәні 28,50 м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 27,94 м-ге, ең төменгі мәні – минус 28,94 м-ге сәйкес келді.

Теңіз станциялары мен посттарының (Форт-Шевченко, Ақтау, Фетисово және Махачкала (Росгидромет)) жедел деректері бойынша Каспий теңізі деңгейінің орташа мәні минус 28,53 м-ге, ең жоғарғы мәні - минус 28,07 м-ге, ең төменгі мәні минус 29,07 м-ге сәйкес келді.

2022 ж. 29 наурыз ғарыштан түсірілген Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің суреті

(«NASA» жобасының суреті)

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз