Көктемгі су тасқыны кезеңіне алдын ала консультативтік гидрологиялық болжам

IconЖарияланды 03.02.2020

2020 жылғы 02 ақпанда «Қазгидромет» РМК көктемгі су тасқыны кезеңіне алдын ала консультативтік гидрологиялық болжам жасап, барлық мемлекеттік органдар мен өңірлердің әкімдіктеріне жіберді.

Гидрометеорологиялық бақылаулардың деректері бойынша 31.01.2020 жылғы жағдай бойынша СҚО, ШҚО, Қарағанды, Ақмола және Қостанай облыстарында қар жамылғысындағы ылғал қоры орташа көпжылдық нормадан жоғары. 

Қар жинау процесі ақпан және наурыз айларында жалғасатынын айта кеткен жөн.

Көп жылдық бақылаулардың деректері бойынша ақпан, наурыз, сәуір айларында жауын-шашынның айлық нормасы түсуі мүмкін, ол қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстардың туындауына әкелуі мүмкін. Ақпан айында температура көтеріліп және қатты жаңбыр жауған жағдайда, Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс таулы өзендері бойынша жоғары еріген-жаңбырлы су тасқыны болуы мүмкін.

2020 жылдың ақпан айына арналған синоптикалық болжамға сәйкес ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшері Қазақстан аумағының басым бөлігінде климаттық нормадан жоғары болады деп күтілуде.

Синоптикалық болжамның мәліметтері бойынша ақпан айының бірінші онкүндігінде күндізгі және түнгі ауа температурасы жоғарылайды, олар қардың еруіне, еріген қар суының пайда болуына, мұз құбылыстарының әлсіреуіне, мұз кептелістерінің пайда болуына және Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының өзендеріндегі су жайылмасына шығуына әкеп соғуы мүмкін.

Көктемгі кезеңге негізгі гидрологиялық болжам 2020 жылғы наурызда әзірленеді және 2018-2019 жылдарға ұқсас қысқа мерзімді және орташа мерзімді гидрологиялық болжамдармен апта сайын (әрбір 3 күн сайын нақтылаумен) ұсынылатын болады.

 

 

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз